Sunday, February 22, 2009

Asil Ajem





Асыл Әжем

Асыл әжем, ғасыр әжем аңсаған,
Сағынышым сары ормандай самсаған,
Әке болып жүргенімді ұмытып,
Әлі күнге еркелеймін мен саған.

Құлындаймын асыр салған аңғарда,
Қозыңдаймын ойнақтаған албарда,
Өзің барда қысылмаймын күлуге,
Жылауға да қысылмаймын сен барда...( соңғы 2 жолы 2 рет)

Мен өзіңнен қабылдаппын сүюді,
Мен өзіңнен қабылдаппын күюді,
Сенің жаның жүрегіме ораулы,
Менің жаным жаулығыңа түюлі...( соңғы 2 жолы 2 рет)

2 comments:

Cаарал said...

хөнгөхөн гунигтай мөртлөө цаанаа л нэг сэтгэл гэгэлзүүлсэн үнэн сайхан аялгуу шүү, клипийнх нь үйл явдлаас эцэг эхийн элбэрэлийг өгүүлсэн бололтой, дууны үг нь ямар утгатай юм бол доо.

Anonymous said...

I inclination not agree on it. I assume precise post. Especially the appellation attracted me to study the intact story.